Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің №22 “Нұршуақ” бөбекжайының №14 “Ертөстік” мектепалды тобының тәрбиешілері Кенжебекова Жамила Жақайқызы және Саудабаева Ұлболсын Есенжанқызы топ балаларымен бірге №21 жалпы білім беретін мектепке саяхат ұйымдастырды.
Саяхат барысында балалар мектеп кітапханасына барып, оның сөрелерінің үлкен және кітаптың өте көп екенін байқап, кітапқа деген ынтызарлығы артты. Мектептің дене шынықтыру залының өте үлкен әрі кең екенін көріп, онда түрлі ойындарды қызықтап, дене шынықтыру сабағына деген құмарлығы арта түсті. Одан кейін бастауыш сынып бөлмелеріне барып, партаға отырып, өздерін нағыз оқушылардай сезініп, әдемі күй кешкені де рас.
Мектепке дейінгі ұйымның мектеппен сабақтастығы
Мақсаты: бөбекжай мен мектептің әкімшілігімен бірлесе отырып, балаларды оқыту, мектепке деген қызығушылығын, оқушы болуға ынтасын арттыру. Балаларды кітапқа, жазба құралдарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
| № | Іс-шаралар атауы | Мерзімі | Жауаптылар |
| 1 | Жаңа оқу жылына бөбекжай мен мектеп арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, тәжірбие алмасу мақсатында құрылған жоспарды бекіту. | Қыркүйек | Әдіскер, психолог, тәрбиешілер |
| 2 | Мектеп мұғалімдерінің бөбекжайда өтетін ұйымдастырылған іс-әрекеттерге қатысуы. | Үнемі | Бастауыштың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі, мұғалімдер. |
| 3 | Мектептің сыныптары және спорт алаңымен танысу. | Қазан | Әдіскер Тәрбиешіер |
| 4 | «Баланың мектепке психологиялық тұрғыдан дайындығы» | Желтоқсан | Психолог |
| 5 | Мектептің сыныптары, кітапханасы және спорт алаңымен танысу. | Қаңтар | Әдіскер Тәрбиешілер |
| 6 | «Шынықсаң – шымыр боларсың!» | Наурыз | Дене тәрбиесі нұсқаушы, тәрбиешілер. |
| 7 | Тәрбиеленушілердің жеке даму картасын дайындау. | Сәуір | Тәрбиешілер, пән жетекшілер |
| 8 | Бөбекжаймен қоштасу ертеңгілігіне мектеп бітіруші түлектер мен сынып мұғалімдерін шақыру | Мамыр | Әдіскер Тәрбиешілер |
