«Үйдегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің №22 «Нұршуақ» бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-ның озат тәрбиешісі, педагог-модератор Авезбаева Құралай Құрбанбаевна «Үйдегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге тұрмыста кездесетін қауіп-қатерлер, электр құралдарын дұрыс пайдалану, өткір және жанғыш заттардан сақтану, сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде өздерін қалай ұстау керектігі туралы түсініктер берілді. Балалар тақырыпты ойын, көрнекі құралдар арқылы қызығушылықпен меңгерді.
Тәрбиешіге шығармашылық табыстар тілейміз!
