ҚҮРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!
«№22 «Нұршуақ»бөбекжайы» базасында 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын және баратын ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған
ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс істейді.
Сіздерге:
1(Instagram,Facebook),мессенжерлері,телефон арқылы мамандардың консультацияларын;
2Білім беру ұйымының сайтында мәтіндік консультациялар мен, ата-аналарға арналған дидақтикалық ойындар,тренингтер,дөңгелек үстелдер;
3Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидақтикалық, рөлдік –cюжеттік ойындар,ертегі терапиясын, құм терапиясын, арт –терапиясын ұсынамыз.
Консультация алуға мына телефон арқылы жазылуға болады.
87784479991 87089801728
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№22 «Нұршуақ бөбекжайы» жедел басқару құқығында МКҚК-да балабақшамен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункті жұмыс істейтінін хабарлайды.
КП жұмысының басталуы туралы мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) бұқаралық ақпарат құралдары,оның ішінде әлеуметтік желілер (Instagram,Facebook,),МДҰ-ның сайты арқылы хабардар етіп тұрады.
КП мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға диагностикалық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Міндеттері:
-ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық қолдау көрсету және балаларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту мәселелері бойынша педагогикалық құзыреттіліктерін арттырады;
-белгілі бір себептермен білім беру ұйымына бара алмайтын балалардың әлеуметтеуіне ықпал етеді;
КП жұмысының бағыттары;
-диагностикалық көмек көрсету баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан зерттеу,бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен бейімділігін баланы одан әрі дамыту мен тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірленеді.
-консультациялық көмек көрсету-психологиялық,әлеуметтік,педагогикалық консультация беріледі.
Әдістемелік көмек көрсету ата –аналарды (заңды өкілдерді) ағарту,отбасында туындайтын мәселелердің алдын алуға бағытталған педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ата-аналарды хабардар етеді.
КП қызметінің негізгі нысандары : ата-аналардың (заңды өкілдердің) сұранысы бойынша онлайн офлайн форматтарда жеке және топтық консультациялар беріледі.
Жеке және топтық консультацияларды жұзеге асыру үшін жиһаздармен жабдықталған кабинеттерде жүзеге асады.(үстел,орындықтар,ноутбук және дидактикалық материалдар).Балалармен және ата-аналармен спорт залда,музыкалық залда,балалардың дамуы үшін қаупсіз және жайлы жағдайлар жасалған сенсорлық, ойын бөлмелерінде консультациялар немесе сабақтар өткізіледі.


КП жұмысын білім беру ұйымының әкімшілігі реттейді.
Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек көрсететін мамандар:
меңгеруші;
әдіскер;
тәрбиеші;
музыка жетекшісі;
дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
педагог-психолог;
медбике;
қазақ тілі педагогі;
Педагог-психолог эмоционалды-тұлғалық мәселелерді анықтайды;таным процестерінің даму деңгейін анықтайды (зейін,қиял) есте сақтауды,ойлауды дамытады,балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын талдайды;баланың мектепте оқуға психологиялық дайындық деңгейіне диагностикалық тексеру жүргізеді.
Дене тәрбиесінің нұсқаусышысы балалар мен ересектерге салауатты өмір салтын насихаттайды,спорттық жаттығуларды ұсынады.
Медбике күн тәртібін құрастыруға және баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастыруға көмек көрсетеді; әртүрлі аурулардың: ЖРВИ,тұмау, жіті вирустық инфекциялар, жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар беріледі.
КП педагогтері баланың танымдық,шығармашылық және музықалық дамуына арналған түрлі тәсілдерді,ойындарды, жаттығуларды көрсетеді;мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу,оқыту және дамыту мәселелері бойынша консультация береді.
Маман кездесу уақтын белгілейді. Кездесу уақыты бойынша ата-аналар (заңды өкілдер) алдын ала жазылу журналына тіркейді.Белгіленген уақытта ата-аналар (заңды өкілдер) баласымен бірге келеді және олардың келуі КП мамандарының жұмысын есепке алу журналына тіркейді.
