Әдістемелік нұсқаулықтың міндеттерінің бірі — балаларға экологиялық тәрбие беру.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің N22 “Нұршуақ” бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-ның Әдістемелік нұсқаулықтың міндеттерінің бірі — балаларға экологиялық тәрбие беру. Осы бағытта бөбекжайдың тәжірибелі ұстазы, педагог-модератор Уразалиева Шолпан Ерғалиқызы экологияны сақтап, қоқысты сұрыптау барысын балаларға үйретті. Сонымен қатар бөлме өсімдіктеріне күтім жасау жолдарын балаларға орындата отырып, басқа балаларды үйретті. Бұл іс — шара арқылы баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігі оянып, оны көзінің қарашығындай таза сақтауға үйренді. Шолпан Ерғалиқызына еңбегіне табыс, деніне саулық, ісіне сәттілік тілейміз.
