Саяхат барысында балалар мектеп кітапханасына барып, кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиеленді.
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің №22 “Нұршуақ” бөбекжайының №11 “Балдырган” мектепалды тобының тәрбиешілері Дүзбаева Камаш Мақышқызы және Алдонғарова Жұлдызай Ізбасарқызы топ балаларымен бірге №21 жалпы білім беретін мектепке саяхат ұйымдастырды.
Саяхат барысында балалар мектеп кітапханасына барып, кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиеленді. Одан кейін мектептің спорт залына барып, дене шынықтыру сабағын тамашалады. Сабақ барысында балалар бес тас және теннис ойындарын көріп, спортқа деген қызығушылықтары артты.
Саяхат нәтижесінде балалардың мектеп туралы түсінігі кеңейіп, мектепке деген сүйіспеншілігі нығайды.
