Жаңаөзен қаласының ең көрікті жері – ол қалалық саябақ.
Жаңаөзен қаласының ең көрікті жері – ол қалалық саябақ.
№15 «Дарын» мектепалды тобының үздік тәрбиешілері Серікбаева Камила Оразғалиқызы және Еңсегенова Баляш Жұмабайқызы сол саябаққа саяхат ұйымдастырып, балалар керемет әсер алды. Балалар әсем гүлдер, ағаштарды тамашалап, табиғатқа деген қызығушылығы артты. Осылайша, бөбекжай педагогтері тәрбиеленушілерге ерте жастан бастап айналасындағы әлемді танып, қоршаған өмірге қызығушылық танытып, оны қорғау, табиғатқа қатысты моральдік және эстетикалық сезімдер тәрбиелеу, экологиялық мәдениет қалыптастыру үшін білім беру процесін жоғары деңгейде ұйымдастыруды жалғастыруда.
